18:00, 11 Мамыр 2017 | GMT +5
Рекорд жасамақ болған саксафоншы бір нотаны 45 минутқа созды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нигериядан шыққан музыкант Феми Кути бір нотаны саксофонда 46 минут, 38 секундқа соза орындады. Ол әлемдік рекорд жасауға ұмтылғанымен нотаны өзінен артық - 47 минут және 5,5 секундтқа орындаған джазшы Вэнн Берчфилдке небәрі 28 секунд жеткізе алмады.
Кутидің айтуынша, ол 1997 жылы америкалық Кенни Джи жасаған 45 минут және 37 секундтық рекордты ғана естіген екен, ал одан басқа рекордтың бар екендігін нотаны орындап болған соң бір-ақ білген.
Нотаны ұзақ уақытқа созу үшін музыканттар орындау кезінде жұтып алған ауаны музыкалық аспапқа үрлей отырып, мұрнымен келесі ауаны жинау арқылы «үздіксіз» немесе «қайталанатын» тыныс алу әдістерін пайдаланады.