Рекордтық көрсеткіш: қор нарығында доллар бағамы 12,58 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар вернул утраченные позиции
Фото: unsplash

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 12,58 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 513,00 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро 540 — 546 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,65-4,80 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,62 теңге. Еуро — 525,83.

Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыу үшін интервенция жүргізгенін мәлім етті

Осыған дейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының 600 теңгеге дейін өсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді