Рекругтингтік агенттіктерге заңнамалық деңгейде есеп беру міндеттеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова рекругтингтік агенттіктер қызметінің тиімділігін күшейтуге бағытталған ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Игеру тиімділігіне қатысты агенттіктер үшін ереже аясында қызмет тиімділігінің нақты көрсеткіштерін бекіту маңызды болады деп санаймыз. Ең алдымен бұл нақты еңбек келісімшартымен бекітілетін жұмысқа орналасу нормасы болады. Бұл заңды ұзақмерзімді еңбек қызметі. Ол міндетті зейнетақы аударымдарымен расталып отырады. Мәліметтер база арқылы аталған аударымдардың жүйелілігін қадағалай аламыз», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің ұсынысына сәйкес, еңбек төлемі қызмет нәтижесі бойынша есептелінеді.

«Қазір ай сайынғы немесе белгілі бір кезеңнің аяқталуы бойынша деп бірнеше нұсқаны қарастырылып жатырмыз. Әлемдік тәжірибеде ұзақ еңбек қызметінің кезеңі 3 айдан 1-2 жылға дейін саналады», - деді М.Әбілқасымова.

Еңбек министрінің бұл ұсынысын Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин да қолдады.

«Сіз айтып отырған жайт өте дұрыс. Бірақ, бұл заңнан туындауы тиіс. Заң жобасында ондай ештеңе жоқ. Біз реттеу жайында айтқан кезде тікелей заң нормасы болуы тиіс. Аутсорсинг келісімшарттары нақты көрсеткіштерді қамтуы тиіс деген норманы заң жобасында қарастыруымыз қажет шығар  және жеке фирмалар олардың орындалуын қамтамасыз етуі керек әрі соған сәйкес олардың жауапкершілігінің болғаны жөн», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен  қатар, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзіретіне аутсорсингтің үлгілік келісімшартын әзірлеу және бекітуді ұсынды.

«Бюджеттен үлкен қаржы қаражаты қарастырылатын болады. Адамдар нақты нәтижені сезіне алатын болуы керек. Бұл норманы заңда міндетті түрде жазу қажет», - деді Мәжіліс спикері.

Соңғы жаңалықтар