16:29, 04 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Рельстердің астындағы тасбақаларға арналған тоннель (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сырттан қараған жанға бастапқыда жапониялық теміржолшылар пойыздардан құтқару үшін тасбақаларға рельстердің астында тоннель жасап жатқан сияқты көрінеді.
Алайда олар мұны тасбақаларды емес, керісінше, өтетін пойыздар мен жолаушыларды құтқару үшін жасап жатыр. Жапонияда тасбақалар жолды өзгертуге болатын рельстерде жиі қыстырылып, пойыздың дұрыс бағытқа бұрылуына кедергі жасайды, деп жазды billionnews.ru.