Ренат Абдулин: Жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз

«Исландия құрамасы мықты қарсылас, олар біздің іріктеу тобымыздағы матчтарда 9 ұпай жинады. Біз де қолымыздан келгенді аянған жоқпыз. Әрине, біздің құрама шеберлік жағынан еуропаның жетекші командаларына жол беруі мүмкін, әйтсе де біз қарсыластарымызға лайықты ойын үлгісін танытып, өз жерімізде өтетін ойын болғандықтан жергілікті жанкүйерлер қолдауы арқасында алаңның қай тұсында болмасын сауатты әрекет жасап, үстемдік көрсете аламыз деп ойлаймын», - дейді Р. Абдулин.

Ренат Абдулин: Жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз

Бұл ретте ұлттық құрама ойыншысы Қазақстанның футбол командасы басқалармен салыстырғанда әлдеқайда жастау екенін, солай бола тұра күн сайын шеберліктерімен шыңдалып жатқанын алға тартады. «Мен жанкүйерлерді Қазақстан мен Исландияның ойынын тамашалауға шақырамын. Кез келген футболшы үшін жанкүйерлер тарапының қолдауын сезіну жауапкершілікті арттыра түседі. Сондықтан да, біз алаңда бар күшімізді салып, жанкүйерлерді жерге қаратпауға тырысамыз», - деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Исландия арасындағы іріктеу турнирінің матчы елордадағы «Астана Арена» спорт кешенінде 28 наурызда сағат 21:00-де өтеді.