Рэпер «50 Cent» банкротқа ұшырағанын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық рэп оқитын және продюсер 50 Cent (шын аты - Кертис Джеймс Джексон III) сотқа өзінің банкроттығын растайтын құжаттарды ұсынды, деп хабарлайды «ВВС» агенттігі.

Рэпер «50 Cent» банкротқа ұшырағанын жария етті

«Candy Shop» хиті авторының заңгерлері айтқандай, музыканттың қарызы мен активтері 10-нан 50 млн долларға дейін бағаланған.

Жұма күні Манхэттен соты әртісті флоридалық Ластония Левистонға 5 млн доллар төлеуге міндеттеді.