Рэпер Prodigy қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Prodigy лақап атымен әлемге танылған америкалық музыкант-рэпер Альберт Джонсон сейсенбі күні Лас-Вегаста қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Рэпер Prodigy қайтыс болды

Prodigy 1990 жылдары рэпер Havoc-пен бірге Mobb Deep дуэтінің құрамында өнер көрсетіп, кең танымалдылыққа ие болды. Аталмыш топтың Shook Ones Pt. II композициясы «хард-кор рэп» жанрындағы белгілі туындылардың бірі саналады.

«42 жастағы Prodigy бірнеше күн бұрын Mobb Deep коцертінен кейін анемияның асқынуы салдарынан ауруханаға түскен еді, - делінген әншінің баспасөз-агентінің мәліметінде. - Көптеген жанкүйерлер оның бұл сырқатпен туылғалы бері күресіп келгендігін біледі. Дегенмен, оның өлімінің нақты себебі әзірге беймәлім». 

Фото: ©Flickr/Vicious Productions