Репортер - ғасыр сенсациясының авторы қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын ең бірінші болып хабарлаған британдық журналист Клэр Холлингворт 105 жасында Гонконгте өмірден озды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бір кездері Холлингворт Telegraph-та әскери тілші болып еңбек етті. "Шетелдік корреспонденттер клубы (FCC) сүйікті Клэр Холлингворттың бақилық болғанын аса өкінішпен хабарлайды», - делінген клуб мәлімдемесінде. «Шетелдік журналист ретінде Клэр тамаша мансап жасады, оның екінші дүниежүзілік соғыстың басталғаны жайлы хабары ХХ ғасырдың сенсациялық жаңалығы болды», - деп жазды Telegraph газеті.