17:08, 03 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Рерихтың картинасы Christie's аукционында сатылды
АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат - Николай Рерихтың «Аңыз» деп аталатын картинасы Лондонның Christie's аукционында миллион фунтқа сатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Суретте 1923 жылы салынған деп белгіленген. Лондонда орыс сауда-саттығы деп аталатын апталық басталды. Аукционға Рерихтің, Репиннің, Серебрякованың картиналары шығарылды.