Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресей 22 шілдеден бастап азаматтарының Түркияға ұшуына шектеулерді алып тастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей 22 шілден бастап Түркиямен тұрақты әуе қатынастарын қайта жалғастырады, деп хабарлады Ресейавиация.

Ресей 22 шілдеден бастап азаматтарының Түркияға ұшуына шектеулерді алып тастады

«Түрік тарапынан әуежайларда және Түрік Республикасы аумағында ренсейлік азаматтар болуынының жоғары қауіпсіздік  шараларын кідіріссіз алатыны туралы уәделеріцнпе сәйкес 2016 жылғы 22 шілдеден бастап РФ-дан Түркияға ұшуды жүзеге асыратын барлық авиакомпаниялардың тұрақты құатынасы қайта жалғасырылады», - делінген хабарламада. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. .

Ресей көлік министрлігі бұл ақпаратты қуаттады.

Түркияға тұрақты әуе қатынасы 16 шілдеден бастап әскерилердің бір бөлігі Түркияда төңгеріс жасауға тырысуына байланысты тоқтатылған болатын. Түрік президенті Тайып Ердоғанның айтуынша, бүлік салдарынан 246 адам қазаға ұшырады, екі мыңнан астамы жараланды.