10:07, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Ресей 78 тонна қазақстандық ірімшікті өткізбей тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы Челябинск облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы 21 мамыр күні «Бугристое-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде 78 тонна ірімшік тиелген 4 көлікті тоқтатты.

Тексеру барысында ветеринарлық-санитарлық қатынаста жүктің қауіпсіздігін растайтын Кеден одағының №4 ветеринарлық сертификатының мөрі жоқ болып шықты, деп хабарлайды Россельхознадзор сайтында .
Россельхознадзор қызметкерлері өнімді Ресей Федерациясының аумағына өткізбеді. Көлік Қазақстан Республикасына кері қайтарылды. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.