Ресей Африканың бірқатар елінен көкөністер мен жемістерді кері экспорттауға тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 маусымнан бастап Ресей Африканың бірқатар елінен көкөністер мен жемістерді кері экспорттауға тыйым салды. Бұл шешім африкалық өнім түрінде РФ-ға санкция салынған тауарлар келуіне байланысты қабылданды. Бұл туралы , деп хабарлады ресейлік РИА Новости агенттігі хабарлады.

Ресей Африканың бірқатар елінен көкөністер мен жемістерді кері экспорттауға тыйым салды

Ресей ауыл шаруашылығын бақылау мекемесі бұл шара туралы 10 маусымда хабарлаған. Ресейге Камерун, Сьерра-Леоне, Конго Демократиялық Республикасынан  фитосанитарялық қаупі жоғары өнімдер, сонымен қатар Кот-д'Ивуар, Бенин, Нигерия, Гвинея-Бисау, Гвинея Республикасы мен Буркина-Фасодан әкелінетін алмұрт, алма, құлпынай, қызанақ пен саңырауқұлақтар тек ресейлік шекарадағы өткізу бекеті арқылы және сол елдердің сертификаты болған жағдайда  ғана өткізіледі.

Жұма күні Данкверт Африканың бірқатар елі Еуропа елдеріне азық-түлік жеткізбегенін ресми түрде растағанын мәлім етті.