Ресей АҚШ-тың Украина бойынша келліссөздерден шығу мүмкіндігіне пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық CBS компаниясына берген сұхбатында назарды келіссөздердің болмай қалу мүмкіндігіне емес, нақты фактілерге аудару керектігін айтты.

 РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров
Фото: mid.ru

Осыған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей мен Украина арасындағы келісімге жақын күндері қол қойылуы керек, олай болмаған күнде Вашингтонның келіссөздер процесінен шығатынын айтқан болатын.

- Біз олардың шыдамсыздық танытуын түсінеміз, америкалық мәдениет бойынша Сіз елді күттіресіз және осы арқылы жағдайды ушықтырасыз. Бұл нақты саясатпен айналысуға мүмкіндік бермейді, - деді Лавров.

Ол сонымен қатар «біздің жағдайымызда (бұған дейін де айттым) біз диалогқа, келіссөздерге әрдайым дайынбыз, біз сәтсіздікке үмір артпас едік», деді.

Айта кетейік, Рим Папасын жерлеу рәсімі барысында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен соң Украина президенті Римде Франция президенті Эманюэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен жүздесті.

 

Соңғы жаңалықтар