Ресей: Алты баласымен бірге күйеуінің қолынан ажал құшқан келіншектің көзі тірісінде шағымына құлақ аспаған тағы бір полицей ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Төменгі Новгород қаласында алты баланы өлтіру қылмысы бойынша полицияның тағы бір қызметкері ұсталды.
None
None

Ол - Нижегородский ауданы бойынша №5 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Владимир Филимонов. Ресей ақпараттық агенттіктерінің хабарлауынша, өткен бейсенбі күні Филимонов Тергеу комитетіне куәгер ретінде келген соң ұсталды. Бұдан бір күн бұрын істі тергеу аясында бір полиция қызметкерінің ұсталғаны туралы хабарланған. Тергеу мәліметтерінше, өлтірілген әйел алты баланың анасы - Юлия Белова құқық қорғау органдарына жұбайының өзін ұрып-соққаны және өміріне қауіп төндіріп отырғаны туралы талай рет шағымданып келген. Тергеу жұмысы кезінде №5 полиция бөлімінің бес қызметкері жұмыстан босатылған.

4 тамызда Төменгі Новгородтағы пәтерлердің бірінен алты бала мен олардың жүкті анасының бөлшектелген денелері анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысты қазіргі кезде қамауға алынған оның күйеуі Олег Белов жасаған.

Соңғы жаңалықтар