Ресей арқылы Еуропаға бидай экспорттау көлемін ұлғайтамыз - АШМ

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөз қорытындысы туралы БАҚ-қа мәлімет берді.

Ресей арқылы Еуропаға бидай экспорттау көлемін ұлғайтамыз - АШМ
Фото: Kazinform

- Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті, - деген вице-министр екіжақты келіссөзде осы мәселе де талқыланғанын айтты.

Сондай-ақ, ол кейбір өңірлік деңгейдегі эпизотикалық шектеулерге байланысты Қазақстаннан ет экспорттауға қойылған шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластық орнатылғанын айтты.

- Қазақстандағы эпизоотиялық жағдайға байланысты осыған дейін Ресей тарапы ет өнімдерін кіргізуге шектеу қойған болатын. Бүгінгі таңда ресейлік әріптестерімізбен келісімге келіп, оңтүстік және шығыс-оңтүстік аймақтарынан ол шектеуді алып тастадық. Қазір жалпы Қазақстан аумағы бойынша шектеуді алып тастау жөнінде жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырды. 

Соңғы жаңалықтар