Ресей астанасының орталығында автокөлік мектеп ғимаратына соғылды

МОСКВА. ТАСС-ҚазАқпарат – «Porsche» маркалы автокөлік Мәскеу орталығында Сретенка көшесіндегі мектеп ғимаратына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей астанасының орталығында автокөлік мектеп ғимаратына соғылды

«Сретенка 20 көшесіндегі мектеп ғимаратына «Porsche» маркалы автокөлігі кіріп кетті. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда», - делінген ақпарат көздерінде.

Оқиға орнынада құқық қорғау органдары мен шұғыл қызмет жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сенбі күні ел астанасындағы Мемлекеттік автоинспекцияның баспасөз қызметі мас күйінде көлік жүргізу қауіпті екенін және орны толмас салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салған болатын.