Ресей әуе десанты әскерінің 81 жылдығын атап өтуде

АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 2 тамызда Ресейде Әуе десанты әскері құрылғанының 81 жылдығы аталып өтілуде.

Ресей әуе десанты әскерінің 81 жылдығын атап өтуде

Өздерінің кәсіби мерекелерін кезінде көгілдір берет пен тельняшкі киген, бүгінде «қанатты гвардия» сапында борыштарын өтеп жатқан миллиондаған ресейліктер тойлайтын болады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Ресей әуе десанты әскерінің туған күні Мәскеу әскери округінің оқу жаттығуы кезінде Воронеж қаласының үстінен алғаш рет құрамы он екі адамнан тұратын десанттық бөлімшенің парашютпен секірген күні 1930 жылдың 2 тамызы болып саналуда. Ал 1932 жылы әуедесанттық бөлімшені қалыптастыру басталды. 1941 жылы әуе десант бригадасы базасында әрқайсысы 10 мың адамнан тұратын корпус құрыла бастады.

Қазір десантшылар өздерін «Вася ағайдың әскеріміз» деп әзілдейді. Өйткені әуе десанты әскерін бүгінгі күн талабына сай негіздеген армия генералы Василий Маргелов болатын.