Ресей әуе күштері Су-25 ұшағы атып түсірілген аумаққа соққы жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияда СУ-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсірген көшпелі зениттік кешен зымыраны жіберілген аумаққа дәлдігі жоғары қарумен соққы жасалып, «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымының 30 содырының көзі жойылды, деп жазды ТАСС.

Ресей әуе күштері Су-25 ұшағы атып түсірілген аумаққа соққы жасады

"Идлиб провинциясындағы «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы өз қарамағына алған, СУ-25 шабуылдаушы ұшағын атып түсірген көшпелі зениттік кешен зымыраны жіберілген аумақ бойынша дәлдігі жоғары қарумен соққы жасалды", - деп хабарлады РФ Қорғаныс минисрлігі.

Мекеме отыздан атсам «Джебхат ан-Нусра» содырының көзі жойылғанын хабарлады.

Сенбі күні, мекеме хабарына сәйкес, "Идлиб" деэскалация аймағы үстінде шолу тапсырмасын орындау кезінде ресейлік Су-25 ұшағы атып түсірілді. Ұшқыш «Джебхат ан-Нусра» содырлары бақылауындағы аумаққа катапульта жасағандығы жөнінде баяндап үлгерген. Террористермен атыста ұшқыш мерт болған.

Қазір Сириядағы Ресейдің ымыраласу орталығы түркиялық тараппен бірлесіп, қаза тапқан ұшқыштың денесін қайтаруға әрекет етуде.