Ресей аумағындағы Ертіс өзенінде жолаушылар теплоходы апатқа ұшырап, бір қазақстандық мерт болды - ҚР СІМ

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Омбы қаласында Ертіс өзенінде жолаушылар теплоходы жүк баржасымен қақтығысып, 3 қазақстандық зардап шекті. Олардың 1-еуі қаза тапты.

Ресей аумағындағы Ертіс өзенінде жолаушылар теплоходы апатқа ұшырап, бір қазақстандық мерт болды - ҚР СІМ

Бұл туралы бүгін ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлімдеді.

«2013 жылдың 17 тамызы күнi Омбы қаласында Ертiс өзенiнде «Полесье-8» жолаушылар теплоходы жүк баржасымен соғысып қалған болатын. Соғысу салдарынан 40-тан астам адам әр түрлi деңгейде жарақат алған. Соның iшiнде 3 Қазақстан азаматы бар. ҚР азаматшасы, 1955 жылы туылған Эмма Постникова алған жарақаты салдарынан сол күнi, яғни 17 тамызда Омбы қаласының 4-шi медицина-санитарлық бөлiмшесiнде көз жұмды», - деп хабарлады ол.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, Э. Постникованың ұлы 1977 жылғы Денис Постников қазiргi уақытта Омбы қаласының №1 жедел медициналық жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөлiмiнде жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа-ауыр деп бағалаған. Ал тағы бiр қазақстандық азаматша, 1971 жылы туылған Ольга Першина ауыр халде Омбы қалалық ауруханасында жатыр.

«ҚР Омбы қаласында орналасқан консулдық қызмет Омбы әкiмшiлiгiмен және басқа да құзыреттi органдармен тиiстi байланыстар орнатты және қаза тапқан, жарақат алған қазақстандықтардың туыстарымен тиiстi байланыс орнатылды», - деп атап өттi ол.

«Омбы қаласындағы бiздің консулдықтан келiп түскен ақпараттарға сәйкес, бүкiл шығындар, оның iшiнде мәйiттi Қазақстанға жеткізу және басқа да медициналық көмек көрсетуге қажеттi төлемақылардың барлығын Омбы қаласының әкiмшiлiгi, яғни Ресей тарапы өз мойнына алады», - дедi Н. Айтмаханов.