Ресей, Австралия және Жаңа Зеландия әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызынан артығын өндіретін АСЕМ ұйымына қосылды

БРЮССЕЛЬ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде өткен АСЕМ («Азия-Еуропа» форумы) саммиті барысында Ресей, Австралия және Жаңа Зеландия ұйымға мүше елдері әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызынан артығын өндіріп, әлемдік сауданың үштен екісін қамтамасыз етіп отырған аталмыш ұйымға ресми түрде қосылды. Бұл туралы форум қорытындылары бойынша журналистерге Еуропалық кеңестің президенті Херман Ван Ромпей мәлім етті.

Ресей, Австралия және Жаңа Зеландия әлемдік жалпы өнімнің 60 пайызынан артығын өндіретін АСЕМ ұйымына қосылды

Оның сөзіне қарағанда, бұл елдердің қосылуы олардың экономикалық тартымдылығын растайды.

«Жаһандық экономикалық мәселелерді талқылау барысында біз тұрақсыз қалпында қалып отырған экономикалық жағдайды реттеу бойынша ұжымдық күш-жігерді пайдаланудың қажеттілігін мақұлдадық. Біз инвестицияларымызды адам капиталы мен жаңа технологиялардың дамуына салу керекпіз және де әлеуметтік қорғауды дамытып, оны халықтың қажеттілігіне бейімдеу керекпіз. Сонымен қатар, біз күш-жігерімізді Халықаралық валюта қоры мен қаржылық реттеуді реформалауға да жұмсағанымыз жөн болады», - деп атап өтті Еуропалық кеңестің президенті.

Кездесу қорытындылары бойынша, Брюссельдегі «Азия-Еуропа» сегізінші саммитінің қатысушылары тиімді экономикалық басқару жолдарын іздеуге келісіп, арнайы декларацияға қол қойды.