Ресей Айға үш жылдан кейін қайта оралады

АСТАНА.  Шілденің 21-і. ҚазАқпарат -  Ресейлік автоматты  стансалар    2012 жылы Айға  қайта оралып,   сонау 50-ші жылдары басталған   зерттеулерді  жалғастырады, 

Ресей Айға үш жылдан  кейін  қайта оралады

деп  мәлім етті   Ресей Ғылым  академиясының  академигі,   кеңестік Ай бағдарламасын  жасаушылардың  бірі  Михаил  Маров.  ҚазАқпарат  бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне  сілтеме  жасап хабарлайды.

Ғалым,   қазір  Ай  орбитасында американдық LRO  зондына  орнатылған,   ресейлік  ғарыштық зерттеулер институтында  жасалған    ЛЕНД  аспабы  жұмыс істеп  жатқанын  еске   салды.   Ол аспаптың негізгі міндеті -  Айдың бетінен    сулы мұз іздестіру.     Ресейлік аппарат   алғаш рет   Ай  бетіне  үш   жылдан кейін   қонады.

«Біз қазір    осы  бағдарламамен жұмыс істеудеміз. 2012   жылы  «Луна-Глоб» аппараты   ұшырылады,  ол    тек  орбитальды  аппаратты ғана емес,  сонымен бірге  қону стансасын,     топыраққа терең енуге арналған  пенетраторларды (соққылар)  алып   барады. Ол  аспаптар    тереңдікке   еніп   қана қоймай,       жерсеріктің  ішкі  құрылымын зерттеу  үшін    жақсы сейсмика  да жүргізе алады», дейді    Маров.