Ресей азаматы Астанада жан түршігерлік апат жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың полициясы жан түршігерлік апат жасап, оқиға орнынан қашып кеткен Ресей азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей азаматы Астанада жан түршігерлік апат жасады

Кісі өлімімен аяқталған апат туралы мәлімет әлеуметтік желіде жарияланды.

«Бүгін түнде сағат 3-4 шамасында 188 көше мен Бейсеков көшелерінің қиылысында көлік апаты орын алды. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан адам өз көлігінде бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған. Сол сәтте сағатына 160-170 шақырым жылдамдықпен келе жатқан машина қаза тапқан адамның көлігін соғып өткен. Оқиғаны көрген, видеоға түсіріп үлгерген азаматтар болса, хабарласыңыздар»,-деп жазды фэйсбук әлеуметтік желісінде Марат Мус атты азамат.

null  

Ал, қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Софья Әнуарбекқызының айтуынша, апат нақты түнгі сағат 03.30-да орын алған екен.

«Мерседес 190Е» маркалы көлік Қосшығұлұлы-Бейсеков көшелерінің қиылысында қызыл түске тоқтап тұрған. Сол кезде оның көлігін «Мерседес 280Е» маркалы көлік келіп соққан. 1986 жылы туған адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал, апатқа кінәлі азамат оқиға болған жерден қашып кеткен.

null   

«Жедел іздестіру шараларының арқасында полиция апатқа кінәлі Ресей Федерациясының азаматын қолға түсірді.Тиісті сараптамалар жасалып жатыр. 36 жастағы Ресей азаматы Астана қаласының уақытша тергеу изоляторына қамалды»,- деп хабарлады Софья Әнуарбекқызы.

null null null