Ресей азаматы Беларусь елінде 100 әйелді зорлағанын мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей азаматы Беларусь елінде 100 әйелді зорлағанын мойындады. Бұл туралы Минск облаткомының ІІБ хабарлады, деп жазады life.ru.

Ресей азаматы Беларусь елінде 100 әйелді зорлағанын мойындады

Ведомство хабарлағандай, Санкт-Петербург тұрғыны Беларуське туыстарына келіп тұрған. Әр сапарында ол әйелдерге зорлық-зомбылық жасап кетіп отырған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұндай қылмысты ол алғаш рет 20 жылдан астам уақыт бұрын - 1994 жылы жасаған. Нәпсіқұмардың құрбандары әр жастағы қыз-келіншектер болып отырған, соның ішінде кәмелет жасына жетпегендері де бар.

Күдікті тек 2015 жылы ғана құрықталды. Ол зәбір көрсеткен қыз-келіншектердің тек жартысы ғана анықталды. Қазіргі сәтте қалған жапа шегушілер анықталып жатыр.