Ресей әзірге ОПЕК-ке кірмейді ? РФ вице-премьері И.Сечин

МӘСКЕУ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының вице-премьері Игорь Сечин Венада ОПЕК отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында, Ресейдің әзірге мұнай бағасын тұрақтандыру жөніндегі картель мүшелерінің іс-әрекеттеріне атсалысуға әзір емес екенін жеткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Вице-премьердің айтуынша, қазір ОПЕК хатшылығы Мәскеуді картельге қосылуға шақырып отырған көрінеді, бірақ Ресей ынтымақтастықты дамытуға біртіндеп әрекет етуге мүдделі. «Алдымен тараптардың бағыт-бағдарларын зерттеу керек, содан кейін ғана ағымдағы ахуалды ескере отырып өзара жақындасуға біртіндеп бет алу керек», дейді И.Сечин. Венада өткен конференцияда Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) «қара алтын» өндірісінің көлемін төмендетпеу туралы шешім қабылдағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Вена кездесуінің қарсаңында мұнай өндірісін азайту ықтималдығы туралы әңгімелер көп айтылды, сарапшылардың пікірінше, бұлай ету мұнай бағасының өсуіне оң әсерін тигізетін еді. Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК отырысының күнтәртібіндегі басты мәселе - қатысушы елдердің мұнай өндіру көлемін тағы да қысқарту мүмкіндігі болған. ОПЕК өкілдері мәлім еткендей, картельдің келесі отырысы мамырдың 28-інде өтеді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум