Ресей баға көрсеткіштерінде шартты бірлікке көшуде

МӘСКЕУ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат – Рубльдің әлсірей түсуі ресейлік отандық сатушылардың 1990 жылдың тәжірибесін қолдануына әкеп соқты.
None
None
Соңғы күндері мәскеу дүкендерінде баға көрсеткіштері шартты бірлікте белгіленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бұндай тәсіл ақша шектен шығып құнсызданған кездері жиі пайдаланылды. Өйткені ол кезде рубль күн сайын құнсызданды, ал бұл ұлттық валютаның бағамына орай бағаны күн сайын өзгертуге мәжбүр етті. Баға АҚШ долларымен белгіленіп, сол бағам бойынша есеп айырылысып отырды. Осы ұмытылған әдісті автосалондар, электрондық жабдықтар нарығы және онлайын-дүкендер алғашқы болып қолдана бастады. Турфирмалар да осы әдіске көшті. Мемлекеттік Думаның экономикалық саясат және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Евгений Федоров тауарлар мен қызметтерге басқа валютамен баға белгілеу айыппұлмен жазалауға жататынын айтады. «Егер ақшаның құнсыздануы осы бетімен жалғаса беретін болса, осындай тетіктерді пайдалануға амалсыздан барып отырмыз», дейді «Новая площадь» құрылыс компаниясының бас директоры Евгений Якубовский. Шартты ақша бірлігіне көшу тауарлардың қымбаттауына әкеп соғуда. Өйткені компаниялар тауардың құнын шетелдік валютаға ауыстырғанда оны дөңгелек санға, онда да көбейту жағына . қарай икемдейді.
Соңғы жаңалықтар