Ресей Беларусь елімен шекараны жауып жатыр

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей билігі Беларусь елімен шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы РФ премьер-министрі Михаил Мишустин шүғыл жиналыста мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттіген сілтеме жасап.

Ресей Беларусь елімен шекараны жауып жатыр

«Біз адамдардың қозғалысы үшін Беларусь елімен шекараны жабу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, басқа да бірқатар шаралар қолданудамыз. Біз әрі қарай да елімізді жаңа қауіптен қорғау үшін бәрін жасаймыз. Коронавирустың жаппай таралуына жол бермеу үшін бір қадам алда жүріп, түбегейлі шаралар қабылдаймыз», - деді ол.