Ресей Беларусь үшін газ бағасын түсіруден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Келісімшартта Беларусь үшін көрсетілген газ бағасы өзгертілмейді, коммерциялық келісімшарт орындалуы тиіс, деп мәлімдеді РФ Энергетика министрі Александр Новак. Минск газ бағасын екі есеге дейін төмендетуді талап етуде, деп хабарлады ресейлік РБК агенттігі.
None
None

«Беларусь үшін газ бағасы келісімшартта көрсетілген деңгейде қалады. Ресей үшінші тоқсанда оны төмендетуді жоспарлап отырған жоқ», деді РФ энергетика министрі Александр Новак.

Энергетика министрлігінің басшысы Мәскеу ресейлік газ үшін қарызды төлеу мәселелерін реттеуге Беларуське қатысты Стокгольм сотына шағым түсіруді көздеп отырмағанын түсіндірді.

Беларусьтің энергетика министрі Владимир Потупчик Минск газ дауындағы ұстанымын өзгертпегенін айтты. Беларусь ресейлік газ құнын шамамен екі есе - 1 мың текше метр үшін $132-ден 73 дейін төмендетуді талап етіп отыр.

12 мамырда төрт айда жеткізілген газ үшін Беларусь қарызы $125 млн-ға жеткен.

Соңғы жаңалықтар