Ресей біз үшін негізгі экономикалық серіктес саналады - Палымбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей  біз үшін негізгі экономикалық серіктес саналады. Бұл жайында бүгін елордада өткен Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ресей  біз үшін негізгі экономикалық серіктес саналады. Ресей бизнес-омбудсмені институтымен бірлесе отырып ауқымды жұмыс атқарылды. Жалпы,  Қазақстанда бизнес-омбудсмен негізсіз құрылған жоқ. Ең алдымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылып, отандық кәсіпкерлердің басын қостып. 2013 жылы «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң қабылданды. Онда палата қызметі нақты жазылған. 2016 жылы Кәсіпкерлік кодексі күшіне енді. Бұл кодексте Қазақстан бизнес-омбудсменіне жеке бір бөлім арналды», - деді ол.

Өз кезегінде Ресей Федерациясының Президенті жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Борис Титов екі ел арасындағы мақсат пен міндет ұштасып жатқандығын баса айтты.

«Екі мемлекеттің  алдында ұқсас мәселелер мен міндеттер тұр. Оның ішінде ел экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру, жеке бизнестің дамуы үшін жағдайды жақсарту, әкімшілік бақылауды азайту сынды мәселелер бар.  Қазақстанда да Ресейдегідей осы бағыттағы күресте негізгі серіктес Бас прокуратура екен. Қиындықтар да бар болғанымен Қазақстан билігі әкімшілік кедергілерді жоюда нақты шешімдер қабылдап отыр», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада Астанада Қазақстан мен Ресей бизнес-омбудсмендерінің І форумы өтті. Шараға екі елдің бизнес-омбудсмендері, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері мен екі елдің іскерлік делегациясы қатысты.

Соңғы жаңалықтар