Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирияға қатысты мәлімдемесіне тосқауыл қойды
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия үкіметіне Алеппо қаласының бейбіт тұрғындарына әуеден соққы жасау айыбы тағылатын мәлімдемесіне тосқауыл қойды, деп хабарлады Би-БИ-Си-дің Орыс жаңалықтары.
БҰҰ өкілінің хабар етуінше, Ресей Ұлыбритания әзірлеген мәлімдемеге өзгертулер енгізіп, ондағы Алеппода орын алған сол бір қанды оқиғаны қарардан алып тастаған. Қазіргі уақытта Ресей Башар Асадтың БҰҰ-дағы негізгі серіктесі әрі бұл ел өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ әзірлеген осыған ұқсас мәлімдемеге де тосқауыл қойған болатын. Айта кетейік, Сирия президенті Башар Асадтың қарулы күштерінің тротил толтырылған бөшкелер мен Scud зымыранын қолдану арқылы жасаған мұндай әуе соққысынан шамамен 700 адам қаза тапқан еді.