Ресей: Челябі тұрғындары бүгін түнде солтүстік шұғыласын тамашалады
АСТАНА. 16 маусым. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Челябі тұрғындары бүгін түнде Оңтүстік Орал үшін сирек кездесетін құбылыс - солтүстік шұғыласын тамашалады, деп хабарлады РБК.
Агенттіктің хабарлауынша, қала аспаны бірнеше сағат бойы жап-жарық болып тұрды.
Шұғыла әсіресе Челябі трактор зауыты ауданында анық көрінді.
Әдетте бұл құбылыс поляр ендіктерінде солтүстікке қарай кемінде 2 мың шақырым жерде кездеседі. Челябі тұрғындары шұғыланы біршама уақыт тамашалады.