Ресей делегациясы Маастрихт стратегиясына толықтыру енгізу туралы Қазақстанның идеясына қолдау білдірді - В. Воронков
АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордада ЕҚЫҰ аясындағы Шолу конференциясының жалпы отырысында Ресей делегациясы Маастрихт стратегиясына толықтыру енгізу туралы Қазақстанның идеясына қолдау білдірді.
«Экономикалық-экологиялық өлшемдер бойынша өткен Шолу конференциясындағы талқылаулар барысында бұл саладағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты барлықтарына ұқсас көзқарастар ұстанып отырмыз. Ал алдағы міндеттер тізіміне ғылыми-техникалық ынтымақтастық, инновациялық технология саласындағы тәжірибе амасулар, саудаға қатысты кемсітушілік шараларын жою мәселелерін кіргізуге болады», - деді Ресей делегациясының басшысы Владимир Воронков.
Оның айтуынша, ЕҚЫҰ кеңістігінде табиғи және техногендік апаттардың алдын алуға қатысты барабар тетіктерді жетілдірудің де маңызы зор. «Жалпы, біз 2003 жылы қабылданған Маастрихт стратегиясына толықтырулар енгізу туралы Қазақстанның идеясына толық қолдау білдіреміз», - деді В. Воронков.