Ресей депутаттары азаматтарының діни сенімін қорғауға кірісті
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекеттік Дума «Ресей Федерациясы азаматтарының діни сенімін қорғау туралы» өтінішті қабылдады.
Онда соңғы уақытта азаматтардың наным-сенімін қорлау оқиғаларының жиілеп кеткені айтылған. «Мұны экстремизм, вандализм, діни қайраткерлерді өлтіріп кету, діндарларға зорлық көрсету және т.б. жағдайлардан да байқауға болады» делінген ақпарат көзінде. Бұл туралы muslim.kz сайты хабарлайды.
Мемлекеттік Думадағы барлық фракцияның депутаттары дін айналасындағы кез келген қылмыстарды бірауыздан айыптай отырып, дінге қарсы экстремизмді жақтайтын, Орыс православ шіркеуіне және өзге де діни ұйымдарға қоғамды айдап салатын керітартпа күштерге тойтарыс беру керек деп есептейді.
Заң шығарушы орган «христиан, ислам, иуда және будда діндері Ресей халқының тарихи мұрасы, сондай-ақ, елде тұрақтылық орнатуда, келісімге келуде дәстүрлі діндердің алар орны айрықша» деп санайды.
Депутаттар, әсіресе, діни жетекшілерді өлтіріп кету, діндарларға зорлық-зомбылық көрсету, крестерді аралап кету, шіркеулерді қирату, қитұрқы акцияларды ұйымдастыру, бейіттерді талқандау секілді тағылықтартың жиілеп кеткеніне алаңдап отыр. Мұның бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан Ресейдің рухани байлығын құртуға бағытталған. Сол себепті, ел егемендігіне қауіп төндіреді делінген өтініште.