Ресей ДСҰ-ға қосылу жөнінде Еуроодақпен келіссөздерді аяқтады
БРЮССЕЛЬ. 22 қазан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бүгін Ресей мен Еуроодақ Ресей Федерациясының Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы туралы келіссөздерді аяқтады.
Бұл туралы сауда жөніндегі еурокомиссар Карел Де Гюхт мәлім етті.
«Біз соңғы екіжақты мәселе бойынша келісімге келіп, осы жылдың соңына дейін Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу жолын ашық қалдырдық», - деп атап өтті К. Де Гюхт.
Сонымен қатар ол Ресей мен Грузия Ресейдің ДСҰ-ға қосылу туралы келісімге келуі үшін уақыт өте тығыз екенін айтты. «Мен екі тарапты да келісімге келу үшін күш-жігерлерін жалғастыруға шақырамын. Еуроодақ кез келген қажетті көмекті беруге дайын», - деді К.Де Гюхт.