Ресей думасы насыбай сатуға тыйым салды
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Думасы насыбай сатуға тыйым салды. Мұндай түзету «Халықтың денсаулығын айналадағы темекі түтінінен және темекі тартудың салдарынан қорғау туралы» заң жобасын талқылау барысында енгізілді.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлап отыр.
РЛДП-дан сайланған депутат Дмитрий Носов аталмыш түзетуде «насыбайды өндіру және көтерме/бөлшек саудаға шығаруға тыйым салынатындығын» атап өтті. «Мәселен, Өзбекстандағы ерін рагының 90 пайызы дәл осы насыбай атқанның кесірінен болып отыр», - деді ол.
Оған жауап ретінде «Единая Россиядан» сайланған Думаның денсаулық сақтау комитетінің депутаты Николай Герасименко «комитеттің бұл бастаманы қолдайтындығын» жеткізген.