Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруден бас тартуы мүмкін

МӘСКЕУ.   Шілденің  10-ы. ҚазАқпарат -  Ресей Кедендік  одақ аясында  Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіруден бас тартып,      Ұйымға  егемен  мемлекет ретінде кіру  сценарийіне  оралуы    мүмкін.
None
None

Ресей   Президентінің көмекшісі  Аркадий Дворкович  осындай   мәлімдеме  жасады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат     «Эхо Москвы»  радиостансасына сілтеме  жасап.

Егер,   Ресей   Дүниежүзілік сауда ұйымына  өз бетінше кіру  туралы шешім қабылдайтын болса,   онда оның     барлық негізгі    мәселелер  бойынша  ұстанымы Кедендік  одақтың  басқа мүшелері -  Беларусь  және  Қазақстан  елдерінің  ұстанымдарымен  сәйкес болады,  дейді     РФ Президентінің көмекшісі. Барлық  үш  ел   Дүниежүзілік сауда ұйымына    қатарынан  және  «бір  шартпен»  қабылданатын    болады, деп күтілуде.

Ұйымға ұжымдық   негізде қосылу сценарийінен   бас тарту  ықтималдығына түсіндірме берген А.Дворкович, сарапшылардың   пікірінше, бұл нұсқаның  «проблемасы көп» екенін атап көрсетті.     Дворкович  сондай-ақ,   Ресейдің Кедендік  одақ  құрудан   бас тартып отырмағанын  баса айтып өтті.     Президент  көмекшісінің айтуынша,   қай сценарийді  таңдау  туралы  шешім әлі  қабылданған жоқ.

Соңғы жаңалықтар