Ресей Эболамен күреске 8 млн. доллар бөлмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2015 жылы Эбола безгегімен күреске 8 млн. доллар бөлу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады осы ел үкіметінің баспасөз қызметінен.
None
None

Хабарламада нақтыланғандай, 2 млн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бюджетіне, 2 млн - БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) бюджетіне бөлінді.

3 млн. доллар аурудан зардап шеккен елдерді қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік банктің мақсатты қорына, 1 млн. доллар - БҰҰ ауруға ден қою жөніндегі көп жақты мақсатты қорға бөлінбек. ДДСҰ соңғы деректері бойынша Эбола вирусынан қаза тапқандар саны Батыс Африкада 8 468-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар