Ресей элита сапасы рейтингінде 23-орыннан көрінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцарияның Санкт-Галлен университетінің мамандары элита индексінің негізіндегі рейтингті ұсынды, соның ішінде Ресей 32 елдің арасында 23-ші орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей элита сапасы рейтингінде 23-орыннан көрінді

Элита сапасы бойынша көшбасшы - 68,5 ұпай көрсеткішпен Сингапур болып шықты. Рейтингте екінші және үшінші орынды Швейцария (64,9) және Германия (64,2) алған. Төртінші орында - Ұлыбритания (63,9 болса), көшбасшылар «бестігін» 63,4 ұпаймен АҚШ түйіндейді. Соңғы орында – Мысыр елі (40).

Рейтинг мәліметінше, Ресей оңтүстікафрикалық Ботсвана елімен бірге 48,9 ұпай жинап, екеуі рейтингтің 23-ші және 24-ші орындарын бөліскен. Зерттеушілер Ресейде ішкі саяси жағдай мен геосаяси жағдайға байланысты қауіп-қатер «элитаның билікке жақындауына итермелейді, ал бұл оларға өз құндылығын арттыруға аз мүмкіндік қалдыратынын» атап өтті.

Рейтингті жасаған кезде зерттеушілер негізгі төрт көрсеткішке сүйенген: экономикалық билік, экономикалық құндылық, саяси билік және саяси құндылық.