20:16, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Ресей елшілігінде Отан қорғаушылар күніне арналған қабылдау өтті
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Ресейлік Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінде қабылдау болып, оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері шақырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық ынтымақтастық департаментінен қазақстандық офицерлер делегациясы құрамын Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контрадмирал Ратмир Комратов пен Штаб бастықтары орталық командалық пункті комитетінің бастығы, генерал-майор Хайретдин Рысқалиев басқарды. Қазақстанда ақпанның 23-і мереке ретінде тойланбағанымен, оны жұртшылық ұмыта қойған жоқ және құрметтейді де. Бұл мерекені, әсіресе, Кеңестер Одағы кезінде әскери міндеттерін өтегендер жақсы біледі. Бұған, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарников пен Ресейдің Қазақстандағы әскери атташесі, генерал-лейтенант Николай Покасьтің сенімдері күшті.
Бүгінде жасы 40-тан асқан қазақстандық офицерлер мен әскери қызметкерлер, КСРО кезінде әскери қызметін өтегендер үшін, «Кеңес Әскері мен Әскери-Теңіз Флоты Күні» мереке есебінде сақталып келеді.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тәуелсіз мемлекеттер ретінде танылған күннен бастап, бүгінге дейін өздерін көптеген бағыттар бойынша стратегиялық әріптестер санайды. Әскери-техникалық ынтымақтастық - осының мықты негізі. Жыл сайын Қазақстанның Қарулы Күштері корпусын ? 120-дан астам қазақстандықтар, Ресей әскери жоғары оқу орнының түлектері толықтырып отырады. Жылына бірнеше рет, Ресей немесе Қазақстан аумағында кең көлемдегі бірлескен әскери дайындық жаттығулары өткізіледі. Әуе шабуылынан қорғау күштері жүйесі екі елге де ортақ. Сондықтан, уақыт көрсетіп отырғандай, мерекелер де бірдей. Қазақстан Қарулы Күштері 16-шы рет атап өткен, Қазақстанның Отан қорғау күні мерекесі ? мамырдың жетісі, көршілес ресейлік әскер өкілдері үшін де жат емес, олар да осы мерекенің құрметті қонағы. Сондықтан да, екі мемлекеттің де әскери қызметкерлері бір-біріне қашан да ақжарқын тілектері мен құттықтау айтуға сөз табады.