Ресей елшісі Қазақстандағы қызметінің басымдықтарын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Қазақстандағы қызметінің басымдықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей елшісі Қазақстандағы қызметінің басымдықтарын атады

«Өтінішіммен қабылдағаныңыз үшін дән ризамын. Әрине, біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыздың негізін бірінші кезекте Ресей мен Қазақстан Президенттерінің арасындағы өте тығыз әрі достық ынтымақтастық қалыптастырып отыр», - деді ол бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі барысында.

Осы ретте Елші Қазақстанға жол жүрер алдында РФ Президенті Владимир Путиннің қабылдап, тілектестігін білдіргендігін айтты.

«Астанаға жол жүрер алдында мені Ресей Президенті Владимир Путин қабылдап, тілектестігін білдіргендігін атап өткім келеді. Ол менің Ресей мен Қазақстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты дамытуға жан-жақты көмек көрсетіп, ілгерілетудегі, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрылуына бастамашылық еткен ЕАЭО бағытында біздің елдеріміздің экономикалық ықпалдастығына жәрдемдесудегі рөлімді атап өтті», - деді Александр Бородавкин.

null

Сонымен қатар Ресей елшісі ҰҚШҰ және басқа да бағыттар аясындағы ынтымақтастықты дамыту маңыздылығына назар аударды.

«Бізді өзара қарым-қатынасымыз халықтарымыздың арасындағы ашықтық, адалдық және өзара құрметпен сипаталады. Біздің кең ауқымды таусылмас күн тәртібімізді толықтыра түсуде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімді жұмсайтын боламын», - деді ол.