Ресей елшісі Михаил Бочарниковтың дипломатиялық миссиясы аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарниковты дипломатиялық мииссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Ресей елшісі Михаил Бочарниковтың дипломатиялық миссиясы аяқталды

М. Бочарников  Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт қызмет етті. Тараптар осы уақыт аралығында екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты нығайту жолында жеткен жетістіктерге тоқталды.

Н. Нығматулин атап өткендей, Қазақстан мен Ресей президенттерінің өзара түсіністік пен достық негіздегі салиқалы саясаттарының арқасында өзара ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Бүгінде Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі болып табылады.

Қазіргі уақытта қазақстандық-ресейлік өзара ықпалдастық және парламентаралық әріптестік жыл сайын жаңа биіктерді бағындырып келеді. Осы орайда Мәжіліс төрағасы  М. Бочарниковтың үлесі зор екенін алға тарта келіп, елеулі қызметі үшін алғысын жеткізді.

Өз кезегінде М. Бочарников біздің елімізде елшілік еткен жылдары қызмет жолындағы ең жемісті кезеңдердің бірі екенін айтып, шексіз алғыс сезімін білдірді.