Ресей Еуроодақ елдерінен жеміс енгізуге тыйым салуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Россельхознадзор" аптаның соңына дейін Еуроодақ елдерінен жеміс әкелуге шектеу қоюы мүмкін, деп хабарлады аталмыш ведомство басшысының көмекшісі Алексей Алексеенко.

Ресей Еуроодақ елдерінен жеміс енгізуге тыйым салуы мүмкін

Негізгі себеп - Ресейге әкелінетін жеміс-жидекте карантинді зиянкестің - жеміс көбелегінің болуы. Алексей Алексеенко Шығыс Еуропа елдеріне осындай шектеу қойылуы мүмкін екенін атады.