Ресей ғарышкерлері Айға аттанады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2030-2031 жылдары Ресей ғарышкерлерін Айға ұшырмақ. Бұл туралы «Ресейғарыш» басшысының бірінші орынбасары Александр Иванов хабардар етті, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Ресей ғарышкерлері Айға аттанады

«Біз шамамен 2030-2031 жылдары ғарышкерлерімізді айға аттандырмақпыз. Қазір бұл бағдарлама туралы келіссөздер жүргізілуде», - деді А.Иванов.

Айға қашан қоныстануға болады деген сауалға ол бұл мәселе әлдеқайда күрделірек екенін жеткізді.