Ресей газының Арменияға жеткізілуі тоқтатылды
АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Арменияға Ресейден Грузия арқылы тасымалданып отырған газ магистральды газ құбырларының жөндеу жұмыстарына байланысты қыркүйектің 17-сіне дейін толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды УТРО. ру агенттігі жергілікті органдардың ақпаратына сілтеме жасай отырып.
Сонымен қатар, ресей-армян компаниясы газдың уақытша берілмеуі тұтынушыларға әсер етпейтіндігіне сендірген.