Ресей: Хабаровскіде сауда орталығына аю кіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровскіде ерекше төтенше жағдай орын алды. «Подсолнух" сауда орталығына қара аю кіріп кеткендіктен, полиция жасағы шақыртылды, деп хабарлайды planet-today.ru.
None
None

Жол және патрульді полиция аю жүрген жерді қоршауға алды. Кейбіреулері адамдарға болып жатқан оқиға жайлы ескертті. Ал аю шыны есікті бұзып, сауда орталығының залына кірді. Абырой болғанда онда азаматтар болмады.

Шынының сынығынан жарақаттанған аю қоғам үшін қауіп төндіргендіктен тәртіп сақшылары оны атуға мәжбүр болды. Аюдың өлі денесін оқиға орнына келген аңшылар алып кетті.

Соңғы жаңалықтар