Ресей хоккейден Әлем чемпионатында Канаданы ұтты

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей құрамасы Словакияда өткен хоккейден Әлем чемпионатының ширек финалында канадалықтарды 2:1 есебімен ұтты.

Ресей хоккейден Әлем чемпионатында Канаданы ұтты

Ресей хоккейшілері әлем біріншілігі шеңберінде «Үйеңкі жапырақтары» елін осымен қатарынан төртінші рет жеңіп отыр, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Кездесудiң бiрiншi айналымы бірде-бір шайбасыз аяқталды. 26-минутта Канада құрамасының үздік ойыншыларының бірі Джейсон Спецце есеп ашты. Үшінші айналымның ортасында есепті Алексей Кайгородов теңестірді, ал Александр Радуловтан шайба алған Илья Ковальчук ойынды қорытындылады.