Ресей ІІМ реформалау мемлекетке 327 млрд. рубльге түседі

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігін реформалау мемлекетке 2012 жылы 138 млрд. рубльге, ал 2013 жылы тағы да 189 млрд. рубльге түспек. Бұл туралы кеше өткен Ресей Үкіметінің кеңейтілген қорытынды отырысында РФ үкіметінің вице-премьері - қаржы министрі Алексей Кудрин мәлім етті деп хабарлайды РБК.
None
None

"Бұл қаражаттар 2012 жылдың бюджетіне "Шартты бекітілген шығындар" бабы бойынша енгізіліп отыр, - деп мәлімдеді А.Кудрин. Сонымен қатар ол шартты бекітілген шығындардың 2012 жылы 280 млрд. рубльді немесе барлық шығындардың 2,5% пайызын құрайтындығын да атап өтті.

Вице-премьердің айтуынша, бөлінген қаражаттың орта есеппен 30% пайызы ақшалай ІІМ жүйесіне барлық қызметкерлердің жалақысына үстеме ретінде қосылмақшы. Бұдан басқа құқық қорғау органдарын техникалық жарақтандыру шығындары да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар