Ресей қарақшылықтың қара тізіміне ілінді

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Ресей тағы да басты компьютерлік қарақшылардың қара тізіміне енгізілді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Ресей қарақшылықтың қара тізіміне ілінді

АҚШ сауда өкілдігі (сыртқы сауда министрлігі) авторлық құқықтарды бұзушылармен жеткіліксіз күрес жүргізіп отырған елдердің тізімін жариялады.

Мұндай тізім өкілдік мәліметтері негізінде жыл сайын жасалады. Соңғы жылдары «зияткерлік меншік ұрлығымен күресті жеткіліксіз жүргізіп отырған» Ресей мен Қытай осы тізімнің көш басында келеді. Оған барлғы 13 мемлекет енгізілген, олардың арасында    Украина, Канада, Аргентина, Үндістан, Алжир, Чили, Индонезия, Израиль, Пәкістан, Таиланд және Венесуэла бар.

Сауда өкілдігінің атап өтуінше, ресей және қытай билігі соңғы кездері қарақшылықпен күреске және бұл орайдағы заңнаманы реформалауға біраз күш-жігер жұмсап келеді. Дегенмен американдықтардың пікірінше, бұл жеткіліксіз. Әсіресе Интернет саласындағы қарақшылық елеулі алаң туғызуда. «Құрама Штаттар Ресей "ВКонтакте" және "Одноклассники" сияқты әлеуметтік желілердегі қарақшылықты тоқтату үшін шаралар алуы тиіс», делінген құжатта.