Ресей Қазақстан студенттеріне берілетін стипендия квотасын 100 орынға ұлғайтқан
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездесуінде екі елдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.

- Қазақстанда Мәскеу университеттерінің филиалдары жұмыс істейді. Ресейде 60 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды. Биыл Ресей Үкіметі Қазақстанға ұсынатын квотаны тағы 100 орынға, яғни, барлығы 800 стипендияға дейін ұлғайтты. Біз оны барлық жағынан құптаймыз, - деді ол.
М.Мишустиннің сөзінше, Қазақстанда орыс тілін дамытуға арналған халықаралық ұйым жұмыс істей бастайды.

Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған.
Осыған дейін Олжас Бектенов Ресей компанияларын инвестициялық жобаларға белсенді атсалысуға шақырған болатын.