Ресей Қазақстан жүргізушілеріне 180 күндік режим енгізді
АСТАНА. KAZINFORM — АСТАНА. KAZINFORM — Ресей үкіметі Грузия мен ТМД елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан келген кәсіби жүргізушілердің Ресейде уақытша болу мерзімін 180 күнге дейін ұзартты, деп хабарлайды Kazinform.
Тиісті жарлыққа Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойып, ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды.
Бұл халықаралық автомобиль тасымалымен айналысатын және Ресейге визасыз келетін кәсіби жүргізушілерге қатысты шара. Оларға тиісті өтініш берілген жағдайда елде күнтізбелік жыл ішінде 180 күнге дейін жүруге рұқсат етіледі.
Бұл қаулы 2026 жылдың 30 маусымында күшіне енеді.
Бұған дейін Көлік министрлігі Астанада жүк көліктеріне бақылауды күшейткенін жаздық.