Ресей Қазақстанға ет және ет өнімдерін жеткізуге тыйымды 2 жыл бұрын салған ? ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының кейбір аймақтарынан Ресей Федерациясының аумағына ет және ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салынғандығы жөніндегі ақпаратты растады,

Ресей Қазақстанға ет және ет өнімдерін жеткізуге тыйымды 2 жыл бұрын салған ? ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жоғары эпизоотиялық қаупіне байланысты Қазақстанның 10 облысынан Ресейге мал, ет және ет өнімдерін енгізуге тыйым салынғандығы туралы РФ Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау Федералдық қызметінің (Ресейдің ауыл шаруашылығындағы қадағалау қызметі) таратқан ақпараты жарық көрген болатын. Бұл мәселеге қатысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов журналистерге түсініктеме берді. «Өздеріңізге мәлім, 2007 жылы еліміздің 3 аймағында ? Қарағанды, Атырау және Батыс Қазақстанда жұқпалы ауру - аусыл табылған болатын. Бізде «Ветеринария туралы» Заң мен «Жерүсті жануарларының» Кодексі бар, сондай-ақ Қазақстан Халықаралық эпидемиологиялық бюроның (ХЭБ) мүшесі болып табылатындықтан, ветеринарлық талаптарға сәйкес қандай да бір жұқпа анықталған жағдайда, барлық жануарлардың, әсіресе, ірі қара және ұсақ малдың еті мен ет өнімдерін жұқпаны анықтаушы елге 12 ай мерзімге жеткізуге тыйым салынады», - деді ол.Сөйтіп, 2007 жылдың сәуірінен бастап тыйым салынғаннан кейін аталған жұқпаға қатысты ел аумағында сауықтыру шаралары жүргізіліп, оның нәтижесі ХЭБ пен басқа елдерге хабарланды. Аталмыш мерзім өткеннен кейін Ресейдің ауыл шаруашылығындағы қадағалау қызметі республиканың барлық аймағынан жануарлардан серологияға сынамалар алып, талдау жүргізді. Оның қорытындысы бойынша 2007 жылдың соңында Ресей аумағына Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан ет және ет өнімдерін тасымалдауға рұқсат берілді. Оның өзінде аталмыш үш аймақтан етті қол жүгімен ғана кіргізуге рұқсат етілді. Ал өнеркәсіптік жеткізуге рұқсатты Қостанайдағы «Модина» ЖШС және Ақмоланың «Щучинск ет комбинаты» ғана алды. Бүгінде РФ қостанайлық «Қарасу ет» және «Агробизнес плюс» қайта өңдеу кәсіпорындарынан шектеуді алып тастау мәселесін қарастыру үстінде. 2009 жылы ет және ет өнімдерін жеткізу туралы шектеу Маңғыстау облысынан да алынды. Бүгінде Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары бұл мүмкіндіктен айырылып отыр. «Ресей Қазақстан аумағында тексеріс жұмыстарын жалғастыруда. Алдағы уақытта Ақтөбе, Батыс Қазақстан және елдің орталық аймақтарына жол ашылады деп күтілуде», - деді Комитет төрағасы.